Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

0
3

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.

4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты.

  • Қазақстанның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:
  • Қазақстан🆚🇱🇹Литва – 4:1
  • Қазақстан🆚🇯🇵Жапония – 6:0
  • Қазақстан🆚🇵🇱Польша – 3:2

Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен еді.

Енді жерлестеріміз ертең шешуші турда топтағы басты фавориттің бірі саналатын Франциямен шеберлік байқасады.

Comments are closed.