МЕРКІДЕ ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Меркі ауданында жазғы кезеңдегі дала өрттерінің алдын алу мақсатында ауқымды тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбілдаев, Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Қалдарбек қатысты.
Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, орман шаруашылығы мен өңірлік парк мамандары, арнайы техникалар, сондай-ақ ауылдық округтердің құрылған жасақтары жұмылдырылды.
Шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға бағытталған іс-қимылдар пысықталып, арнайы қызметтердің өзара үйлесімділігі сыналды. Сонымен қатар, қатысушы құрылымдардың материалдық-техникалық базасы, дайындық деңгейі және жедел әрекет ету мүмкіндіктері тексеруден өтті.
Нәтижесінде барлық қызметтердің дала өрттеріне қарсы іс-қимылға дайындығы жоғары деңгейде екені анықталды.














