Сайлау мерекеге ұласты

Сайлау күні орай «Отаным – Қазақстан» атты концерттік бағдарлама өтті. Шараның мақсаты – тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеу.
Концерт барысында өнерпаздар әсем әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара ауыл тұрғындарының басын қосып, бірлік пен ынтымақтастықтың көрінісіне айналды.


















