Конституция – мемлекеттің іргетасын қалайтын, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің басты кепілі болып табылатын негізгі заң. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын айқындап қана қоймай, мемлекет пен халық арасындағы өзара жауапкершілікті нақты белгілейді. Конституцияда көрсетілген қағидаттар елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етіп, демократиялық құндылықтардың нығаюына негіз болады.
Біздің еліміз үшін Конституция – тәуелсіздіктің, бірліктің және татулықтың символы. Онда ұлтаралық келісім, әлеуметтік әділдік, адам құқығын қорғау, зайырлы мемлекет құру секілді маңызды ұстанымдар айқын көрініс тапқан. Бұл қағидалар қоғамның дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің болашағын баянды етуге бағытталған.

Comments are closed.