Тапқыр болсаң, тауып көр
Ақтоған ауылдық округінің жастар ісі – жөніндегі инспекторы және Ақтоған ауылдық округінің ӘТО инспекторы бірлесе ұйымдастыруымен №4 Тілеміс батыр атындағы ЖОББМ-нің түлектеріне арнайы іс шара ұйымдастырылып «Әскер – ел қорғаны» тақырыбында кездесу өтті.
Иә, бәріміздің де есімізде, тәуелсіздік алған біздің мемлекетімізге қуатты әскер жасақтау оңайға соқпады. Жаңадан құрылған Қарулы Күштер қаншама күрделі процестерден өтіп, 1992 жылдың 22 желтоқсанында ғана «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» заң қабылданды. Мұның барлығы бір күнде жүзеге аса салған тірлік емес.
Бүгінде Отан алдындағы борышын өтеушілердің саны да, сапасы да артып, әскер қатары жоғары оқу орнын бітірген мамандармен толығып жатыр. Қорғаныс саласының жұмысы жолға қойылып, «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет», «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау» заңдары қолданысқа енгізілді. Аталған заңдар аясында әскери борышты өтеудің негізгі ережелері, сарбаздардың міндеттері, жауапкершілігі мен құқықтары нақтыланған. Қазіргі уақытта әскери қызметкерлердің отбасыларына арналған әлеуметтік тұрғыдан қолдау бағдарламалары да жүзеге асырылып келеді. Қарулы Күштердің отыз жыл ішіндегі осынау жетістіктерін ел болашағы үшін жасалып жатқан нық қадамдар десек, қателеспейміз. Ал, бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігі шексіз, білімі мен білігі мол, ержүрек жауынгерлеріміз –Тәуелсіз Қазақстанның арқасүйер азаматтары екені айқын.
Жайлау Аяужан,
Ақтоған ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы