Әркім өз қолынан келгенше жомарт
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Отанға деген сүйіспеншілік – бос ұрандар мен декларациялар емес, ол халық игілігі үшін күнделікті аянбай еңбек ету, шын жүрекпен жасалатын қайырымды істер. Сондай жаны жомарт, жүрегі кең бүгінгі таңда қоғам жастарының сұранысын дәл тауып, отырған тағы бір жомарт түлектің бірі –Қайыпбаев Нұртас.
Нұртастың халық игілігіне жасаған жұмысына еріксіз «Әп, бәрекелді!» дейсің. Нұртас Қостоған ауылының тумасы, М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 2010 жылғы түлегі.
Адам мақсатына өзін –өзі жетілдіру арқылы жетеді, мектеп жасынан бастап, қазақша күрес, қол күресі, кір тасын көтеру, ауыр атлетикаға қызығушылығы артып, жемісті мақсатына жол ашты.
Бүгінде Б.Сапарбаевтың бастамасымен облысымыздың барлық аймағында жүріп жатқан «Жомарт түлек» жобасымен астаса келген игі істің біріне өзі мұрындық болып, мектептің ескі, апаттық жағдайдағы қазандығы ғимаратын өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізіп, «KAZAKHSTAN/KOSTOGAN UFC» атты спорттық жаттықтыру залын аға-інілерінің болашағына, денсаулығына алаңдап, уақытты тиімді пайдалануына септігін тигізу мақсатында ашты. Жаттықтыру залы соңғы спорттық құралдармен жабдықталған. Мұнда келушілердің дені салауатты өмір салтын қолдайтын ауыл жастары мен спорт сүйер жасөспірімдер. «Әркім өз қолынан келгенінше жомарт»- демекші ел игілігіне, мақсат –мүддесіне үлес қосқан жомарт жанды түлектер саны ел аумағында көбейе берсін.
Меруерт Амирова,
№14 М.Жылысбаев атындағы ЖОББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары