Отбасы – сарқылмас қазына

0
274

Отбасының басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткереді. Соған қарамастан олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін тәрбиелік отбасылық құндылық.

Отбасылық құндылықтарды сақтап қалу, жас отбасыларға көмек көрсету мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Өмір және оның мәні» тақырыбында №9 ЖББМ-де психологиялық сағат ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» тақырыбында өткен кездесуде Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ-де педагог-психолог А.Назаралиева тарапынан тренинг ойыны өткізіліп, жастардың өзіне сенімділігін оятты. Ал №18 А.Қосанұлы атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінде «Мен өміріме, қажеттілігіме-жауаптымын» атты жастар арасында кездесу ұйымдастырылды.
Осы үдерісті жалғастырып «Үлкен ел-үлкен отбасы» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы КММ-нің Меркі ауданының өкілі Тилеубайев Мақсат Жанатбекұлымен және Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманының уақытша міндетін атқарушы Найзабеков Нұрбол Хамитұлы тікелей эфир өткізді.
Сонымен қатар, «Жас отбасы-2021» атты байқауы өтті.
– Бұл шараның мақсаты: Жастар арасында отбасылық құндылықтар мен отбасылық дәстүрлерді дәріптеу. Оның басты артықшылығын байқау арқылы жас отбасыларға отбасылық өмірдің үлгісін көрсету, қарым-қатынасты нығайту. Байқауға қатысушы жас отбасылар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, өз тағамдарын және оны әзірлеу тәсілімен таныстырды. Олар талаптарды бұлжытпай орындап, марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, оларға кір келтірмей жүру – баршахалықтың басты парызы, міндеті. Жастарды ұлттық нақыштағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу өте маңызды. Отбасы – жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі. Отбасынан жалғасын табатын имандылық негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғырта түсейік!

Н.Әлібек,
Кеңес ауылдық округі жастар ісі жөніндегі инспекторы

Comments are closed.