«Мақтанышым Тәуелсіз-Қазақстан» тақырыбында біріңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді

0
64

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы шеңберінде Меркі аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінде «Мақтанышым Тәуелсіз-Қазақстан»  тақырыбында біріңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты – өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ, мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт өкілдері еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, демалуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысын, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең, азаматтың құқықтарына нұқсан келтірмейтінін оқушыларға түсіндірілді.

Comments are closed.