COVID-19: ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА МОБИЛЬДІ ТОП келеді және науқасты ауруханаға жатқызу жүргізіледі

0
126

2021 жылдың 6 ай көлемінде мобильді топтар республика бойынша 1,2 млн. астам рет шақыртуға шықты. Тек МӘМС жүйесінің есебінен ғана 6,8 млрд теңге қаражатқа 1,1 млн. астам шақыртуға шығу жүзеге асырылды.

Естеріңізге салатын болсақ, COVID-19 инфекциясы бар науқастарды амбулаториялық бақылау бойынша мобильді көшпелі топтар коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жанынан құрылған болатын.

⁉️ Мобильді топтың атқаратын функциясына не кіреді?

✅ Жедел респираторлық инфекциялардың белгілері бар немесе алғашқы көмек кезінде коронавирустық инфекцияға күдікті деп танылған пациентке, сондай-ақ амбулаториялық бақылауда және үйде оқшауланған пациенттерге үйге бару

✅ Пациентте COVID-19 инфекциясына күдік болған кезде ПТР-тестілеу жасау

✅ Дәрі-дәрмектерді тағайындау және қажет болған жағдайда оларды ауруханадан тыс пневмония және созылмалы аурулары бар науқастарға жеткізу

✅ Мобильді топтар пациенттердің хәл- жағдайына мониторинг жүргізу үшін чек-парақтардың бланкілерін қалдырып, олардың амбулаторлық медкартасын ресімдеуі қажет (025/у нысаны).

⁉️ Мобильді топ не себепті шақыртуға шығудан бас тарта алады?

✅ Мобильді топ өзінің қызмет көрсету аумағы шеңберінде ғана соғылған қоңыраулар бойынша қызмет көрсетеді

✅Сіз егерде тіркелген жеріңіз бойынша емхана аумағында тұрмасаңыз, онда 103% — ке хабарласып көмек сұраңыз

✅ Мобильді топтың жұмыс уақыты-таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ғана

✅ Егер сізге 20.00-ден кейін үйге шақырту арқылы қызмет көрсету қажет болса, оларды емхана жанындағы жедел медициналық көмек (шақырудың 4 санаты бойынша) немесе жедел жәрдем (шақырудың 1-3 санаты бойынша) жүзеге асырады.

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ КЕРЕК ?

Ауруханаға жатқызу денсаулық жағдайы үйде емделуге мүмкіндік бермейтін пациенттерге қажет-сатурацияның төмен деңгейімен, ентігудің жоғарылауымен және өздігінен дем ала алмауымен, өкпенің зақымдануының жоғары деңгейімен

Comments are closed.

Другие новости