Меркі ауданы тұрғындарының назарына!

0
107

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына (бұдан әрі – № 59 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілді:
«1) Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеу;»;
2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – № 67 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілді:
«18. Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды.
Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.»;
3. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 3 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1) ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымшада 10-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
«10. Халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі.»;
2) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 13-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
«13. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып – 300 екпеден асырмай құрылады.

1) ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымшада 10-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
«10. Халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі.»;
2) ҚР БМСД № 3 қаулысына 1-қосымшада 13-тармақ мынадай редакцияда жазылды:
«13. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып – 300 екпеден асырмай құрылады.
Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу мейіргері және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі.»;

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № _13_ қаулысына 2-қосымша

Comments are closed.