Меркі ауданына 300 доза вакцина келді

0
139

Меркі аудандық орталық емханасына 300 дана вакцина облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бөлінді. Қазіргі уақытта аудан тұрғындарын ерікті түрде вакцинациялау жұмыстары жүруде. Алғашқы күні 20, екінші күні 30 адам вакцина қабылдады. Олардың ішінде педагогтар мен медицина қызметкерлері бар. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері, мұғалімдер және медициналық қызметкерлер арасынан еріктілер вакцинацияланатын болады

Comments are closed.