«Бір жәдігер сыры»

0
148

1950 жылдан Меркі аудандық тұтыну кооперациясы тез қарқынмен дамып, нығая бастады. Бұған аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы Израил Мойсеевич Черкис зор үлес қосты. Меркінің сауда, тұтынушылар одағы мекемелері республика, Одақ көлемінде тауар айналымының жоғары көрсеткіштерімен көрініп, бірнеше мәрте ауыспалы қызыл Туларға ие болды. 1960 жылдары жақсы жабдықталған дүкендер, мейрамханалар, ірі сауда, қоғамдық тамақтандыру нысандары мен қоса сыра зауыты, кондитерлік цехы, шұжық цехтары және басқа да нысандар салынды.
Соның бірі, Меркі тамақ өңдеу комбинатының кондитерлік цехы. Осы аталған кәсіпорында елімізге әйгілі «Барбарис», «Мятная», «Прозрачная» кәмпиттері шығарылатын. Ал бүл тәтті кәмпиттері дәмі әр бір меркіліктердін естерінен кетпейтіні анық. Осы кәмпит түрлері қазіргі таңда өлкетану музейінде бір тәтті жәдігер болып тұрғаны анық.

Comments are closed.