Біздің елімізде қандай вакциналар жасалуда?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирустық инфекцияға қарсы кандидат-вакциналардың ішінде Қазақстанда шығарылған 5 кандидат-вакцина бар. Біріншісі — ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі –БҚП ҒЗИ) әзірлейтін, клиникалық зерттеулер сатысындағы белсенді емес вакцина. Сонымен қатар:
1) Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо (АҚШ) штатының университетімен бірлесіп;
2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
3) М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы;
4) БҚП ҒЗИ-мен әзірленетін және клиникаға дейінгі зерттеулер сатысында тұрған тағы төрт суббірлікті вакцина.