Ұрыс та да, еңбекте де намысты ер Рахымбаев Биленбек

0
160

15 ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» ордені, «Ерлік үшін» медалінің иегері Рахымбаев Биленбек Абділұлымен кездесу өтті. Кездесуге Меркі  Жастар ресурстық орталығының жастары қатысып Билебек аға  деректі, қызықты танымдық әңгімелерімен бөлісті.

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман — есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр.1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды.  Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат іс — түзсіз кетті. Меркі ауданынан 120 адам аттанды, 5 жерлесіміз Қалқабаев Асланбек Асанұлы, Рафальский Сергей Николаевич, Уразов Александр Викторович, Рычилов Александр Николаевич, Матвеенков Юрии Петрович сол жақта ерлікпен қаза тапты, 24 ардагеріміз сол жақтан алған ауған соғысының зардабынан алған жарақаттарынан 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедек болды. 11- ауған соғысының ардагерлері ауылға келіп қайтыс болды.
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан әлі айыға алмай келеді. Бүгінгі күні өзімізбен бірге туған жердің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеу, құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз.

         Сонын бірі Рахымбаев Биленбек 1968 жылы 7 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, бұрынғы Қызыл-ту, қазіргі Тескентоған ауылында дүниеге келген.

         1970 жылы Қызыл-ту бастауыш мектебіне бірінші сыныпқа қабылданып, 1980 жылы С.М.Киров атындағы орта мектепті тәмәндаған. 1980 жылы мектепті оқи жүріп Победа колхозында кешкі автомектебін бітіріп, жүргізуші куәлігін алған.

         1981 жылы әскер қатарына алынғанға дейін  Киров колхозында түрлі жұмыстар жасаған.

         1981 жылы 5 сәуірде Кеңес Армиясы қатарына алынып, Алматы қаласы маңындағы 61993 әскери бөлімінде үш ай оқу-жаттығуынан өтіп, 1981 жылы 27 маусымда әскери міндетін әрі қарай жалғастыру үшін Ауғанстан Демократиялық Республикасына жіберілді.

         Ауғанстан Демократиялық Республикасында 51863 әскери бөлімінде, 177 мопоатқыштар полкінің 3 батальоны, 7 ротасы, 4-ші гранатамётна-пулеметный взводында, АГС-17 қаруы автоматический гранатамётта старши стрелок наводчик болып қызметін атқарған. Әскери қызметін атқару кезінде көрсеткен ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен 1982 жылы 22 қыркүйекте «За отвагу» медалімен, 1983 жылы 15 қарашада «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

         Б.А.Рахымбаев Ауғанстандағы екі жылдық интернационалдық борышын өтеу кезінде жиырмаға жуық ірі әскери операцияға қатысқан.

         1982 жылы мамыр айында Паншерді басып алу операциясы басталған. Бұл өте жойқын операция болған. Екі ай осы операцияға қатысып, операция кезінде душмандардың қоршауында қалған батальон командирін, зам.полит және оншақты солдатты құтқару үшін душмандарға қарсы АГС-пен атқылап оқ жаудырып аман алып шыққаны үшін және душмандардың жасырынған жерін талқандап көрсеткен ерлігі үшін «За отвагу» медалімен марапатталды.

         1983 жылы 24 сәуір күні «Саланг» асуына барар жолдағы «Малхан» деген жерде дивизияның штаб бастығы мінген БТР мен колоннаға душмандар таудан шабуыл жасайды. Олардың бетін қайтару үшін бір офицер он екі таңдамалы солдат душмандарға қарсы шабуылға шығады. Екі сағаттай атысып жаудың бетін қайтарып, сол таудың басында қонады. Ертеңіне 25 сәуір күні таң бозарып атып келе жатқанда душмандар қайта шабуыл жасайды. Олар көп еді. Бұл операцияда он үш адамның екеуі оққа ұшып, үшеуі жараланады. Бұл операцияда Рахымбаев Биленбек Адилович ауыр жарақат алып Ташкенттегі Окружной Военный Госпитальінда екі ай ем қабылдаған. Осы операцияда көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.

         Әскери борышын өтеген соң, 1983 жылдан 1997 жылға дейін Киров колхозында монша меңгерушісі, 2005 жылдан 2012 жылға дейін «Тескентоған» шаруа қожалығында қойма меңгерушісі болып жұмыстар атқарған.

         «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «За отвагу» медалінен басқа «СССР Қарулы күштеріне 70 жыл», «Ауған халқынан алғыс, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан әскерді шығару құрметіне арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған.

         Рахымбаев Биленбек Адилович отбасында 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп

Comments are closed.