Мемлекеттік көмек – көпке көмек
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы М.А.Дилдабекова және бас маман М.Зеткулов, Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің басшысы және мамандары, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, мамандары және ассистенттері, ауылдық округ әкімдері, округ бойынша АӘК жауапты мамандары қатысқан жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек қағидаларына арналған семинар өтті.
Автор: Ләззат Құралбаева, Меркі ауданы
Семинарда аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым сөз сөйлеп, тсіндірме жүргізді. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат Жарылқасынұлы Қасым семинар кеңесті ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталып өтті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан келген қонақтармен таныстырып сөз кезегін басқарма тарапынан келген әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Дилдабекова Марал Аманжолқызына сөз кезегі берілді.
Кездесу барысында Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы М.А.Дилдабекова 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы тиянқты баяндап берді.
Ол ҚР Еңбек кодексіне сәйкес декреттегі ана баласының 3 жасқа толғанынша бала күтімінде отыра алатындығы, 3 жылдан соң жоғары белсенді шараға тартылу керектігі туралы айтты. 2020 жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қолданылатын кедейшілік шегі 19757 теңге құрайтынын атап өтті.
Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек қағидаларына сәйкес көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады және 3 айда бір, яғни, тоқсан сайын төленеді.
Айта кетсек, аталған
мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа
дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көп балалы отбасыларға
табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері
бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5
балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көпбалаларға
74 375 теңге төленеді.
Сонымен қатар өтініш берушінің мекен-жай тіркеуі бір елді
мекенде болуы керек екенін атап өтті. Осы мәселе бойынша аудан әкімінің
орынбасары және ауылдық округ мамандары жағдайы төмен, басында баспанасы жоқ
отбасыларға АӘК өтініш білдіруге қиыншылық тудырып отырғанын айтып, шарт бойынша жанұя
мүшелері бір округте тіркеуде болуы тиіс екен. аудан әкіміінң орынбасары осы
мәселені Министрлікке қайта қарауға тұратын мәселе екенін атап өтіп, бір
ауданда тіркеуде болса, деген ұсынысын білдірді. Бұл мәселе шынында көпті толғандыратын
мәселе екеніндігін Марал Аманжолқызы мойындап, тиісті хат жолданатындығын
жеткізді.
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған несиелері бар және өтеусіз грантты алған отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке алты ай, яғни жарты жыл уақыт өткеннен кейін ғана құжаттар тапсыра алады екен.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы М.Зеткулов округ аумағында құрылған арнайы комиссияның жұмысының маңызды, өтініш берушінің материалдық жағдайын зерделеу барысында мұқтаждығын анықтайтын критерилерге баса назар аудару екенін айтып өтті. Жұмыс барысында кездесіп жатқан оқиғалардан мысал келтіре отырып, қандай кездері қандай шешім қабылдау керектігін айтып өтті. Мәселен, Жаңатоған ауылдық округінің әкімі Мерей Рамаданов:
- Біздің ауылда көпбалалы ананың мәселесі қиындық тудырып тұр. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін адам басына үйдің шаршы метрі есептеледі. Екі үй бір аулада болса, ол да кіреді. Бұл отбасының жағдайы көмекті қажет етеді. Дегенмен, бауырларының көмегімен есік алдында екі қабатты үй тұрғызып берген. Үй бітпеген. Осындай жағдайда қандай шешім қабылдаған дұрыс?- деп мәселесін ортаға салды.
Оған Марал Аманжолқызы: «Мұндай жағдайда әрине мемлекет тарапынан көмек берілуі керек. 6 балалы отбасының міндетті түрде құжаттары қабылдануы қажет»,-деп жауап берді.
Сөзін жалғастырған әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы М.Зеткулов кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1-18 жасқа дейінгі балаларға берілетінін айтып өтті. Оның ішінде 1-6 жасқа дейінгі кепілдендірілген әлеуметтік топтама Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы берілетіндігі айтылды.
Табысы аз отбасылардан шыққан балалар
үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа
дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан
18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және
мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру
шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа
дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.
Семинар-кеңес ары қарай сұрақ сұрақ-жауапқа ұласты. Ауылдық округ әкімдері мен
мамандары тарапынан сұрақтар қойылып, талқылау жұмыстары жүргізілді. Қойылған
сұрақтардың барлығына қанағаттанарлық жауап алынды. Олар жұмысты жандандыру, жақсарту мақсатында
ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдірді.
Жиналыс төрағасы М.Қасым жиналысты қорытындылап, облыстық басқарма
тарапынан келіп отырған М.Аманжолқызына осындай тренинг түрінде өткізілген жиналысқа рақметін айтты.