Ауылдағы бала тәрбиесі: «Таң нұрының» тыныс-тіршілігі

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру – ауылдағы балалардың жан-жақты дамуы үшін маңызды бағыт. Осы орайда Меркі ауданындағы шалғай орналасқан Кеңес ауылындағы 2022 жылы ашылған «Таң нұры» бөбекжайының жұмысымен таныстық.
Қазіргі таңда балабақшада 16 қызметкер еңбек етіп, 50 бала тәрбиеленуде. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасалып, медициналық бөлме мен асхана талапқа сай жұмыс істейді. Ұжым бүлдіршіндердің уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына басымдық беріп отыр.
Алдағы уақытта бөбекжайда жаңа корпустың ашылуы жоспарланған. Бұл ауылдағы мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
















