ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ, ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ

0
10

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов аудан аумағындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын зерделеп, нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі сауда және қызмет көрсету орындарындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты жағдайға назар аударып, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы, эвакуациялық шығу жолдарының қолжетімділігі, электр желілерінің қауіпсіздігі және өрттің алдын алу шаралары бойынша талаптардың сақталуын қарады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау адам өмірі мен мүлкін қорғаудың маңызды кепілі екені түсіндірді.

Аудан әкімі кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында жаңа заң талаптарына сәйкес әрбір нысан иесінің өзіне тиесілі аумақтың тазалығын тұрақты қамтамасыз етуге жауапты екенін атап өтті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстау, санитарлық талаптарды сақтау және ортақ іске белсенді атсалысу әрбір азамат пен кәсіпкердің ортақ міндеті екенін жеткізді.

Comments are closed.