Меркі ауданында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.

0
4

Акция аясында Меркі ауданының тау шатқалдарындағы табиғи қайнар көздерінің көзін ашу және тазарту жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – табиғи су көздерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру болып табылады. Аталған бастама Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен өңір аймақтарында жалғасып келеді.

Тазалық акциясына аудан әкімдігінің бөлімдері, сондай-ақ түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Жалпы саны 60-қа жуық адам жұмылдырылып, аумақты қоқыстан тазарту, бұлақ көздерін ашу және айналасын ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылды.

Осындай игі бастамалар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға және қоғамда табиғатты аялау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Comments are closed.