«AMANAT» партиясы кездесулер өткізуде

0
98

«AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының мемлекеттік басқаруды дамыту және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мәдениет өкілдерінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында видеороликтер көрсетіліп, еркін форматта талқыланды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер мен партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарын қалыптастыру және парасаттылық пен адалдық қағидаттарын дәріптеу бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты еліміздің әр азаматына қатысты екені айтылды.

«AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалы

Comments are closed.